Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері Алматыға келген шетелдік туристердің саны 91,3 мыңды құрады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Мақсат Кикимов интсаграмдағы парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Алматы қаласына келген шетелдік туристер саны бойынша соңғы 15 жылда алғаш рет 45,9% өсу қарқынына жеткен.«Статистика комитетінің деректері бойынша ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Алматы қаласындағы шетелдік туристердің саны алғаш рет 45,9% - ға өсіп, 91,3 мың шетелдік туристерді құрады. Айта кету керек, шетелдік туристердің осындай өсу қарқыны ірі халықаралық іс-шараларды, оның ішінде Универсиада мен Азиада өткізу кезінде де болған жоқ», - дейді Мақсат Кикимов.
Сонымен қатар Алматы қаласындағы туристердің жалпы саны 25,8% - ға көбейіп, 271,5 мыңға жеткен, оның ішінде ішкі туристер саны 17,6% - ға өсіп 180,2 мың туристі құраған.
«Бір жыл ішінде қонақ үйлер мен хостелдердің саны 212-ден 298-ге дейін, төсек-орындардың саны 16,3 мыңнан 19,5 мыңға дейін 21% -ға, орналастыру орындарында көрсеткен қызметтердің көлемі 6,6 млрд теңгеден астам 35,6% -ға өскен (2017 жылы-4,6 млрд. теңге, 2018 жылы-4,8 млрд. теңге)», - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.