Қаладағы танымал орындардың көшін Шымбұлақ курорты бастап тұр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы туризм бюросы Маркетинг және сараптама бөлімінің жетекшісі Руслан Жанабаев «Турист жолы» атты мастер-класта атап өтті.
Алматыға авиабилет броньдау бойынша көшбасшы үш ел – Түркия, Оңтүстік Корея және Қытай. Қытай жыл ішінде 6 есе өсіп, броньдар саны бойынша да көшбасшы болып отыр, себебі жақында Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. Топ-10 елдің барлығында, Нидерландты қоспағанда, броньдар саны артты. Халықаралық туристердің негізгі шығын категориялары – қонақ үйлер, мейрамханалар және авиабилеттер. Алматыға саяхатшылар белсенді демалыс пен табиғи көрікті жерлер үшін келеді – бұл екі категория туристік сұраныстың 70%-ын құрайды. Қаладағы танымал орындардың бірі Шымбұлақ курорты, - деді Руслан Жанабаев.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, осы жылдың 6 айында Алматыға 1 070 358 турист келген. Оның ішінде ішкі туристердің үлесі - 768 мың, ал шетелдік қонақтар - 302 мың.