Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеге қосымша үш пойыз жүреді

12 Қаңтар 2022, 16:38
1397
Бөлісу:
Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеге қосымша үш пойыз жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы қаласынан Нұр-Сұлтанға екі және Ақтөбеге жүретін бір қосымша пойызды іске қосады. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

• «Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20 сағат 07 минутта аттанады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына 13 қаңтарда сағат 10.25 минутта келеді. Осы пойыз 13 қаңтарда сағат 21.20-да Нұр-Сұлтан қаласынан кері жөнелтіледі.

• «Алматы-2-Нұр-Сұлтан-1» қатынасындағы №205/206 пойызы Алматы-2-ден 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 22.05-те аттанып, елордаға 13 қаңтарда сағат 19.06-да келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 21 сағат 52 минутта кері қарай жолға шығады. 

• «Алматы-2 – Ақтөбе» бағытындағы №213/214 пойызы осы жылдың 12 қаңтарында сағат 12.33-те жолға шығады. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді. Сол күні аталған құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де жөнелтіледі.

Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.

Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және  Кaspi.kz  мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы