Алматыдан 760 шақырым жерде жер сілкінді

24 Сәуір 2024, 11:55
1244
Бөлісу:
Алматыдан 760 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: pixabay.com

2024 жылы 24 сәуірде 11 сағат 19 минут 45 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жердің сілкінгені Зайсан ауданында сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. Жердің сілкінгенін «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялары желілері растады.

Эпицентрі - Қазақстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 760 шақырым жерде орналасқан.

Энергетикалық класы - 9.9.

Магнитудасы - MPV 4.4.

Эпицентр координаттары а 47.16° с.ш. 84.78° в.д. 

Тереңдігі - 5 км. 

Сезілгендігі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): ШҚО Зайсан ауданы, Тасбастау ауылында 2 балл. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Өзгелердің жаңалығы