Алматыдан 745 шақырым жерде жер сілкінді

19 Ақпан 2022, 11:06
1678
Бөлісу:
Алматыдан 745 шақырым жерде жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 09 сағат 32 минутта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сейсмикалық станциясы желісінде белгілі болды. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-бағытқа қарай 745 шақырымда Тәжікстан аумағында орналасқан. Табиғи зілзаланың энергетикалық класы – 10,5-ке тең. Магнитудасы MPV 4.8-ді құрайды. 

 Жерасты дүмпуі 55 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілмеген.

Өзгелердің жаңалығы