Алматыдан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

9 Ақпан 2021, 10:19
1486
Бөлісу:
Алматыдан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 9 ақпанда сағат 7:07 кезінде Алматының оңтүстік-шығысында 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 50 шақырым жерде, оңтүстік-шығыс бағытта болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.6. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі 15 шақырым», - делінген хабарламада.

Кеше Алматы маңында тағы екі жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның бірі сағат 19.25 кезінде Алматыдан 306 шақырым жерде Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тіркелген. 

Екіншісі 21 сағат 39 минутта Алматы қаласынан 255 шақырым жерде, Алматы облысының Райымбек ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8.   MPV магнитудасы 3.9. Эпицентрдің координаттары 43.11° с.ш. 80.05° в.д. Тереңдігі 25 шақырым.

ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

Өзгелердің жаңалығы