Алматыдағы ЖОО-ның бірінде жаппай төбелес болды

Қаладағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  -архив 24 Қыркүйек 2024 2024, 17:43
24 Қыркүйек 2024 2024, 17:43
913
Фото: -архив

Қаладағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Студенттер арасындағы жанжалға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Бостандық аудандық Полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Әуезов ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы жазған едік.

Наверх