Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
2021 жылы Түрксіб ауданындағы «Жас қанат» кентінде 2 730 пәтердің (142 мың м2) құрылысы басталды, оның ішінде 1451 пәтер жалға берілетін, 1279 пәтер кредиттік тұрғын үй. Қолжетімді тұрғын үй құрылысына «Базис» және «Казак-строй» сияқты ірі компаниялар тартылды, - деді ол.
Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2020 жылы жалпы құны 66,5 млрд теңге болатын 5 206 пәтер (294 мың м2) салынған, бұл 828 жалға берілетін және 4 378 кредиттік тұрғын үй пәтері.
2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 222 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды – бұл шағын аудандағы тұрғын үй кешендері - «Шұғыла», «Ақбұлақ», «Восточка», «Алғабас» және «Жас қанат» шағын аудандар, нәтижесінде 16 мыңнан астам пәтер салынды, оның бір бөлігі (50%) мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылды, - деді Сапар Нұрашев.
Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы да жалғасатынын айтты. Бүгінгі таңда 227 тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда екен.
Сонымен қатар тұрғын үй секторының құрылысымен бірге білім беру және денсаулық сақтаудың әлеуметтік нысандарын кешенді дамыту жүргізілуде. Құрылыс салушылар өз учаскелерінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салуды көздейді. Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне берілетін болады, тиісті тетік пысықталуда, - деді ол.