Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 170 велосипед ұрланған

17 Қаңтар 2022, 12:46
1398
Бөлісу:
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 170 велосипед ұрланған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүлік кезінде 21 Almaty Bike велостанциясында 220 велосипед зақымданған. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында айтты.

Бүлік кезінде 220 велосипед пен 21 Almaty Bike велостанциясы бұзылған. Оған қоса 170 велосипед ұрланған. Қазіргі уақытта Ақпараттық жүйені қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа қызмет көрсетуді жаңарту 20 қаңтарға дейін жоспарланған, - деді Ғ. Мырзаханов.

Ол зақымдалған велосипедтерді жөндеу және ұрланған велосипедтерді қалпына келтіру үшін қосымша 370 млн теңге бөлу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, қаладағы барлық автобус және троллейбус бағыттары жұмыс істейді және бағдаршамдар қалпына келтіріліп жатыр. Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап Алматы метросының жұмысы қайта жанданды. Жұмыс уақыты 7.00 - ден 21.00-ге дейін. Бүгінде барлық 151 бағыт және 1600 бірлік жылжымалы құрам, соның ішінде троллейбус және қала маңындағы бағыттар іске қосылды. Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9.00-ден 21.00-ге дейін.

Ғ. Мырзахановтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде 28 бірлік автобус зақымдалған. Бүгінгі таңда 16 автобус толық қалпына келтірілді, қалған 12 автобус қосалқы бөлшектердің қаңтар айының соңына дейін жеткізілуіне қарай қалпына келтіріледі.
 

Өзгелердің жаңалығы