Алматыдағы жаңа Жастар орталығында бизнесті дамыту грантын алуға болады

1 Шілде 2021, 19:29
2417
Бөлісу:
Алматыдағы жаңа Жастар орталығында бизнесті дамыту грантын алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп Алматыда жастарға арналған «Samgau UpShift» жобалық кеңсесін ашты.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 


Ол әлеуметтік осал топтардағы жастардың бизнес негіздерін, әлеуметтік кәсіпкерлікті, тайм менеджментті, сыни, шығармашылық және креативті ойлауды, коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды, командалық жұмысты тегін үйренуі үшін құрылған. Жобаға қатысу үшін jashome.org сайтында онлайн-өтінімді толтыру қажет.

Бұдан басқа, балалар ментордың сүйемелдеуімен өздерінің бизнес-идеяларын іске асыру үшін конкурстық негізде грант алуға үміткер бола алады.

«Samgau UpShift» жобалық кеңсесінің ашылуы – маңызды оқиға, себебі бұл мекеме – инклюзия сатысы, ол жастарға қоғамға толық бейімделуге мүмкіндік береді, бұл болашақ мүмкіндіктерді нығайту және одан әрі табысты әлеуметтену үшін қажет, – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.
Өз кезегінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко жобалық кеңседе алған дағдылар қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Жаһандану және техникалық прогресс еңбек нарығындағы талаптарды үнемі арттырады, егер жасына байланысты жұмыс тәжірибесі болмаса, оларға сай келу қиын. Сондықтан кәсіпкерлік, топтық жұмыс және ынтымақтастық дағдыларын дамыту қазақстандық жастар үшін олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды, – деді ол.

Салтанатты іс-шараға министрлік пен Қор өкілдерінен басқа жобалық кеңседе оқитын балалар да қатысты. Олар қонақтармен өз идеяларымен бөлісті.

Айта кету керек, «Samgau UpShift» жобасы бұрын тек онлайн-режимде іске асырылған болатын. Мәселен, карантин кезінде оқытуға 1 мыңнан астам жас адам қатысты, олармен бейресми білім беру әдіснамасы бойынша сертификатталған менторлар қатарынан тренерлер жұмыс жасады. Өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту бойынша 30-дан астам семинар, 2 онлайн буткамп өткізілді. 9 команда шағын гранттар алып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жобаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 11 мектеп пен 6 Жастар ресурстық орталығы қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Samgau UpShift» – бұл БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Еңбекминінің жастарға арналған бағдарламасы, онда ең осал топтарға (АИТВ және басқа созылмалы аурулары бар, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) ерекше көңіл бөлінеді. ЮНИСЕФ инновациялық зертханасының флагмандық бастамасы болып табылатын UPSHIFT әдіснамасын пайдалана отырып, бағдарлама жастарды дамытудың, жастардың әлеуметтік инновациялар мен кәсіпкерлік саласын игерудің озық әдістерін біріктіреді.

Өзгелердің жаңалығы