Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Достық пен әл-Фараби даңғылының қиылысындағы туннель екі аптаға жартылай жабылады. Бұл туралы «Алматы жолдары» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты маусымның 14-26 аралығында Достық пен әл-Фараби даңғылы қиылысындағы жолайрықта көлік қозғалысы жартылай жабылады», - делінген хабарламада.
Аталған мекеме қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағыттарын алдын ала ойласып алуға шақырады.