Бұл туралы Алматы қаласының әкімінің Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалада көлік легінің шамадан тыс көп болуына байланысты, Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Төле би көшесін Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзартылады. Ұзарту жұмыстары 2025 жылдың соңында аяқталмақ. Жұмыстар бір уақытта екі аймақта жүргізіледі. Төле би көшесі бойымен Яссауиден Әшімов көшесіне дейін, – дейді қала әкімі Ерболат Досаев.