Алматыдағы тауда жасанды қар көшкіні жүргізілді

24 Қараша 2022, 22:09
1034
Бөлісу:
Алматыдағы тауда жасанды қар көшкіні жүргізілді

Алматыда қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қалалық ТДЖ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде көшкіндердің өздігінен түсуіне байланысты 24 қарашада «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағында қар түсіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жасанды көшкін кезінде көлемі 1 мың текше метр қар массасы тау етегіне түсті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Шымбұлақ» демалушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, Алматының таулы аймағында қар көшкіні қаупі бар 165 учаске бар, оның ішінде қала тұрғындары мен туристері үшін ең үлкен қауіптілері - «Медеу», «Шымбұлақ» ТШК және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 учаске.

«Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау»ММ бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Шұғыл шараларға «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасының базасында авариялық-механикаландырылған бригада құрылып, тұрақты дайындыққа кіріседі»,- деп атап өтті ведомстводан.

Сонымен қатар, таулы аудандарда жауын-шашынның түсуі және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы салдарынан қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін.

Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖД қар көшкінінің ықтимал еруіне байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға тиым салады.

Өзгелердің жаңалығы