Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады.
Оның айтуынша, лаңкестердің топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алған.
Лаңкестердің барлығы бір уақытта қаланың әр жерінде патрулдік жасақтарға шабуылдай бастады. Олардың басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олардан сол жерден қару-жарақ пен оқтарды иемденді. Бүгінгі таңда барлығы 1347 қару ұрланған. Оның ішінде, 501-і – мылтық, 807-і – теріс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған. Олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестірді, - деді полиция департаментінің басшысы.
Сондай-ақ түскі уақытта кем дегенде 10 мыңнан астам тұратын шабуылшылардың негізгі колоннасы басып алынған.