Алматыдағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді

29 Сәуір 2020, 16:41
2881
Бөлісу:
Алматыдағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді
Президенттік қолдау

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Алматыдағы соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем жасалды. 

Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, биыл Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем беру мәселесі мақұлданған. 

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 202 адам 1 миллион теңгеге ие болды. Бұдан бөлек, 4 мың адамға 100 мың теңгеден, 14 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден төленді, - деді басқарма басшысы. 

Алматы қаласы бойынша бір жолғы төлемге 18 269 ие болған, төлемнің жалпы сомасы 1,3 млрд теңге.  

Бұлар Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектері. Сонымен қатар, соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері теңестірілген адамдарға 100 мың теңгеден берілді. Соғыста қаза тапқан әскери қызметкерлердің қайта тұрмыс құрмаған әйелдеріне 100 мың теңгеден тағайындалды. Олардың саны - 4 адам. Ауғанстан соғысында жарақат алғандар мен қаза тапқандардың туыстарына 100 мың теңгеден берілді, Алматыда олардың саны - 32. Еңбек майданына қатысқан 14 104 адамға 50 мың теңгеден берілді, - деді Рахат Шимашева.

Өзгелердің жаңалығы