Алматыдағы Шагабудинов көшесінің бір бөлігі жабылды

<p> Алматы, BAQ.KZ. 21 тамыздан қыркүйектің 20-на дейін Шагабудинов көшесінің Қарасай батыр мен Қабанбай батыр аралығы жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» АҚ-ы хабарлады. </p>

 22 Тамыз 2021 2021, 10:36
22 Тамыз 2021 2021, 10:36
5236

Алматы, BAQ.KZ. 21 тамыздан қыркүйектің 20-на дейін Шагабудинов көшесінің Қарасай батыр мен Қабанбай батыр аралығы жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» АҚ-ы хабарлады.

Көше бойындағы шектеулер жол астындағы магистралды құбыр желісін ауыстыру жұмыстарымен байланысты болып отыр.

Жайлылық жағдайын сақтау үшін тұрғындарға ыстық су уақытша кесте бойынша беріліп отырады,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталған мекеме қала тұрғындарын бұл маңнан өтерде жол маршрутын алдын ала қарастырып алуды ескертеді.

Наверх