Алматыдағы сенбілікке 2,4 мыңнан астам адам қатысты

Сенбілік барысында 905 текше метр қоқыс шығарылып, 94 арнайы техника жұмылдырылды.

 Алматы қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 17:07
Бүгiн 2026, 17:07
187
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті апталық жергілікті сенбілік өтті. Қаланы абаттандыру және тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған шара мегаполистің сегіз ауданын қамтыды.

Сенбілікке 2,4 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық жұмыстарына 94 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 905 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар, сондай-ақ магистраль жолдар мен су айдындарының маңындағы аумақтар тазартылды.

Мұндай экологиялық акцияларды тұрақты өткізу қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктердің күтімін арттыруға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Наверх