Алматыдағы Сайын және Сейфуллин көшелерін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады

14 Қыркүйек 2023, 15:50
900
Бөлісу:
Алматыдағы Сайын және Сейфуллин көшелерін ұзарту жұмыстары қашан аяқталады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Әуезов ауданының тұрғыны қала әкіміне шаһардың үлкен көшелеріндегі кептеліс пен жол қозғалысы жайлы шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Сайын, Сейфуллин көшелерін қолға алсаңыз. Өйткені автобуспен ұзақ жүресің. Тіпті, вокзалға әрең жетесің, – деді Әуезов ауданының тұрғыны.

Қала әкімі тұрғынның сұрағына жауап берді. Сейфуллин көшесінде жөндеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

Біз маршруттарды дұрыс құру және оларды қаланың мүмкіндіктеріне сәйкес оңтайлы ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мен Алматының Мобильділік басқармасының бастығына Саин көшесі бойымен вокзалға қала көліктерімен жетуге қатысты тапсырма беремін. Ал Сейфуллин көшесінде біз жұмысты бастадық, оның ішінде Сейфуллин-Райымбек қиылысын атап өтуге болады. Сондай-ақ, бізде Сейфуллин-Жансүгіров бойындағы жолайрықтың құрылысы әлі біткен жоқ. Барлық жұмыс аяқталған соң, көлікпен жүру де жеңілдей түседі. Жолайрықтың құрылысын келесі жылдың соңына дейін аяқтаймыз, – деді қала әкімі.

Қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтылған мәселелер қаланың бас жоспарында қарастырылғанын айтып өтті.

Біз Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында көзделген қаланың көлік құрылымын әзірлеуді бастадық. Біз таңертең де, кешке де Сайын көшесіндегі жүктемеге қатысты мәселені қарастырамыз. Көлік құрылымы негізінде біз осы мәселені шешу үшін өзгерістер енгіземіз, – деді Сағындық Телібаев.

Өзгелердің жаңалығы