Алматы, BAQ.KZ. Алматылықтарға Қазақстан Республикасының кезекті үшінші Ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен басталатыны ескертілді. Ол екі айға созылып, 30 қазанда аяқталады.
Санақ кезінде алынған деректер жергілікті атқарушы органдарға бірқатар әлеуметтік мәселені шешуге, оның ішінде көші-қон мәселелерін шешуде маңызды көмек болады.
Алынған мәліметтер жаңа мектеп, балабақша, емхана мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кезде ескеріледі.
Санақ кезеңінде алматылықтар Ұлттық санақтың сауалнама сұрақтарына ыңғайлы онлайн форматта немесе үй жайларды аралау кезінде дәстүрлі форматында жауап бере алады.
Онлайн формат қала тұрғындары үшін www.sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында қолжетімді (санақ веб-сайтына egov.kz сайтынан және мемлекеттік органдардың сайттарынан, Aitu қосымшасы арқылы кіруге болады), онда Sanaqman виртуалды көмекші респонденттерге онлайнда өзіңізге және сіздің отбасы мүшелеріңізге сауалнаманы толтыру бойынша түсініктеме бере алады.
Дербес санау сайты респонденттің орналасқан жеріне қарамастан 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін тұрғындарға 24 сағат бойы қолжетімді болады. Тұрғындардың үйлерін аралап үздіксіз сауал салу дәстүрлі форматы ағымдағы жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін электронды планшеттер арқылы сұхбат алушылармен сауал алу арқылы өтеді.
Онлайн санақтан өту мүмкіндігі 45 күнмен шектелгендіктен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әр ауданының ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, ХҚКО-да, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т.б. жерлерде мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін мамандандырылған санақ орталықтарын ашуға тапсырма берді.
Санақ пункттері онлайн сауалдан өтуге ыңғайлы болу үшін арнайы ұйымдастырылған, мұнда сауалнаманы толтыру процесін жеңілдетумен қатар, респонденттер өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін де алаңдамайды, өйткені сұхбат алушылар вакцинацияланады және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Санақтан өткеннен кейін респондентке коды бар СМС хабарлама келеді, ол міндетті түрде сақталуы қажет және қазан айында дәстүрлі үйлер мен пәтерлерде сізге келетін санақтың сұхбаталушыларына ұсынылады.
Онлайн санақ кезеңінде ұялы нөмірлерден 8-8000800878 және тіркелген телефондар үшін 1446 бірыңғай байланыс орталығында барлық санақ мәселелері бойынша тегін кеңес беру қарастырылған.
Жас мемлекет 30 жылының ішінде, елде 1999 және 2009 жылдары екі ұлттық санақ жүргізілгені айтылады. Егер 1999 жылдың қорытындысы бойынша халық саны 14 953 100 адамды құраса, онда санақаралық кезеңде республика халқының саны 1 028 300 адамға өсті, ал 2009 жылы 16 009 600 адамды құрады. Биыл Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны тіркелді, айтпақшы, ол Алматы облысында дүниеге келген.
Айта кету қажет, халықтың белсенді өсуі Алматыда. Қала жыл сайын өзінің халқын миллионнан екі миллионға дейін ұлғайтып, елдегі ең ірі мегаполис мәртебесін растап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел мен мегаполис үшін маңызды оқиғаның құрметіне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен халықты ұлттық санаққа дайындық мәселесі бойынша кеңес өткенін еске саламыз.