Алматыдағы «Сары-арқа» және «Достық» стансаларының құрылысы қалай жүріп жатыр

14 Ақпан 2021, 15:13
1824
Бөлісу:
Алматыдағы «Сары-арқа» және «Достық» стансаларының құрылысы қалай жүріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Сары-арқа» және «Достық» стансаларының құрылысы қызу жүріп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін мұнда негізгі құрылыс және көріктендіру жұмысын толығымен аяқтау жоспарланып отыр. 

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Алматы метрополитенінің басшысы Сағындық Телібаевтің айтуынша, алдағы уақытта бекеттерді безендіру, құрылыстарды инженерлік қамтамасыз ету, жолдың жоғарғы құрылысын қалау сынды шаруалар қолға алынады.

Құрылысы 2015 жылдың аяғында басталған екі бірдей метро бекетінің құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда «Сары-Арқа», «Достық» бекетіндегі әрлеу жұмыстары басталып та кеткен.

«Сары-арқа» мен «Достық» бекетінің ұзындығы 3,1 шақырымды құрайды. Қазір «Сары-Арқа» бекетінің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, әрлеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ішкі конструкция құрылыстары да толығымен аяқталып, гранит төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді «Метрополитен» КМК басшысы Сағындық Телібаев. 

Метро бекеттерінің құрылысына «Алматыметроқұрылыс» бас мердігер компаниясынан шамамен 200-ден астам адам тартылған. Олар мұндағы ішкі құрылысты, бекеттік тоннельдерді қазуды толығымен аяқтаған.   

Қазір әрлеу, электр желілерін монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жабдықтар орнатылатын қызметтік кабинеттерде, диспетчерлік бөлмеде сәулет-өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Көріктендіру жұмыстары басталғанда біз бұл іске тағы 100 шақты жұмысшыны жұмылдырамыз. Материалдар әкелінді, – деді «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры Нұрлан Сембиев. 

Ал ұзындығы 2 жарым шақырымға жуық «Қалқаман» бекетінде қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін, паннельді құру жұмыстары басталады.

 


 

Өзгелердің жаңалығы