Алматыдағы Розыбакиев көшесінің кейбір бөлігі жабылады

18 Шілде 2022, 21:32
1133
Бөлісу:
Алматыдағы Розыбакиев көшесінің кейбір бөлігі жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қалалық мобилділік басқармасы жол жөндеу жұмыстарына байланысты Розыбакиев көшесінің кейбір бөлігі жабылатынын мәлімдеді.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 шілде сағат 22:00 мен 20 шілде сағат 06:00 аралығында және 21 шілде сағат 22:00 мен 21 шілде сағат 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейінгі  бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 

Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылуда. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы