Алматыдағы Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

16 Тамыз 2022, 19:09
990
Бөлісу:
Алматыдағы Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

Алматы қалалық мобилділік басқармасы жөндеу жұмыстарына байланысты Розыбакиев көшесі уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 17 тамыз сағат 23:00 мен 18 тамыз сағат 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толығымен шектеледі, – делінген хабарламада.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.

Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы