Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық пайдалануға берілді

Бөлісу:
Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық пайдалануға берілді
PHOTO
Фото: автордан Алматы қаласының әкімдігі

Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық автокөліктің өту қабілетін 5 есеге арттырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жоба Бұхтарминская көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа трактісі бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Бухтарминская көшесі учаскесінің жалпы құрылыс ұзындығы 830 метр, оның ішінде тоннель бөлігінің ұзындығы – 149 метр.

Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық пайдалануға берілді

Бұл жоба Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша көлік жүктемесін төмендету, көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асты.

Туннель ашылғаннан кейін жолайрығының айналма бөлігіндегі жүктеме азаяды. Бүгінде туннель бөлігі ашылғанға дейін барлық көлік айналма арқылы маневр жасады. Мұнда жүктеме көбейіп, үлкен кептеліс пайда болды. Сондықтан 2018 жылы осы жолайрығын салу және Құлжа трактісі, Бухтарминская көшесі арқылы өтуді қамтамасыз ету және әуежайға қарай көлік қозғалысын жеңілдету қажеттілігі туралы шешім қабылданды, - деп атап өтті Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық пайдалануға берілді

Көлік торабы - бұл бірнеше жасанды құрылымдардың жиынтығы. Олар - Бухтарминская көшесіндегі туннель, тіреу қабырғалар, тіреу қабырғалары бар эстакадалар, сондай-ақ нөлдік деңгейдегі айналма жолдар және барлық бағыттардағы оң жақ съездер. Екі негізгі бағыттағы жол жүктемесін төмендету күтілуде. Олар - Халықаралық әуежайдан Алматы қаласына және қаладан Талғар мен Алатау сынды елді мекендерге қатынайтын көлік қозғалысы. Қарбалас уақытта бұл бағыттардың жүктемесі өте жоғары, соның салдарынан үлкен кептелістер туындайды.

Түрксіб ауданындағы жолайрықты салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 31 қазанға дейін толық аяқталады. Бүгінде су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тораптың өткізу қабілеті 5 есеге жуық өседі. Оны тәулігіне 340 мыңға дейін автомобиль пайдалана алады, - деді «Bazis Construction» ЖШС мердігер-компаниясының өкілі және объектінің басқарушы директоры Фариз Тутадзе.

Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрық пайдалануға берілді

Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі туннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды. Ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау биылғы жылдың қазан айының соңына жоспарланған. 

Айта кетейік, Алматыда бүгінде үш жолайрық салынып жатыр. Олар: Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі (аяқталу мерзімі - 2024 жылдың соңы), Саин көшесі - Мөңке би көшесі (Мөнке би көшесі бойынша қозғалыс 2023 жылдың соңына дейін ашылады, нысанның аяқталу мерзімі – 2024 жылдың екінші тоқсаны) және Бухтарминская көшесі - Құлжа трактісі (қозғалыс толығымен ашық, абаттандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады). Олардың барлығы Алматыда көлік ағындарының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы