Алматыда қар күреу мен шығару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндізгі уақытта 423 бірлік арнайы техника мен 1008 жұмысшы жұмылдырылған.
Қар жауған сәттен бастап 2270 тонна көктайғаққа қарсы материал себілді.
Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын қолмен күреу жұмыстары күшейтіледі. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері де қолмен тазартылып жатыр.
22 қар тиегіш пен 72 өзі түсіргіш жүк көлігімен қар шығару жұмыстары қызған. Сағат 15:00-тегі жағдай бойынша 28 240 м3 қар шығарылды, бұл 2820 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.
Аудандардың әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырды.