Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы өрт: құтқарушылар жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде

23 Тамыз 2025, 13:56
466
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыдағы Медеу ауданында «Горный гигант» шағын ауданында жеке тұрғын үй өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, құтқарушылар жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде. 

Өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан. Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы