Алматыда өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Ақкент" ТК салған құрылыс компаниясы әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беруге уәде берді.
Компания атынан Әсел Бекмұхамбетованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, құрылыс компаниясы үйде барлық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Көпқабатты үй 2017 жылдың тамызында пайдалануға берілді, бірақ тұрғындар тек 2020 жылдың қаңтарында қоныстанды. Осы уақытқа дейін үй бос болды.
Лифттерге соңғы техникалық қызмет көрсету бір апта бұрын - 27 шілдеде жүргізілді.
Еске салсақ, кеше сағат 17:10-да Алматы қаласы Алатау ауданының Ақкент ықшам ауданында тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 300 адам эвакуациялады, 70-ке жуық адам құтқарды. Алайда өрт кезінде бір әйел қайтыс болды. Ал 4 пациент балалар ауруханасының реанимациясына түскен. Бүгін қала әкімі қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар құрылыс компаниясы пәтерлерді жөндеп беретін болды. Дәрігерлер өрттен зардап шеккен адамдар ауруханаға қандай жарақаттармен түскенін айтып берген болатын.