Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 мекенжайы бойынша болған өрттен зардап шеккендер жатқан ауруханаларды аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда болған кешегі жағдай бойынша өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде екі ересек адам (№7 ҚКА), 15 бала (оның 9-ы - БЖМКО-да, 6 бала - №2 БҚКА-да) стационарлық ем алып жатыр.
Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
Екі ересек адам реанимацияда: 35 жастағы әйел - Кататравма. Қатысты жарақат. Көптеген сынық. Екі өкпенің соғылуы. Жану өнімдерімен улану. 2-дәрежелі травматикалық шок диагнозымен, ал 19 жастағы қыз ауыр бас-ми жарақаты, көптеген сынық диагнозымен жатыр. 1992 жылғы әйел алған жарақат салдарынан қаза болды. Жағдайы ауыр әйел дереу N7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6-қабаттан құлаған. Оған қойылған диагноз: Кататравма. Қатарлас ауыр жарақат. Көптеген сынық. Жану өнімдерімен улану. 2-3 дәрежелі травматикалық шок. 1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Қалған ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы тұрақты.
Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқасқа қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54-үйде болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы болды.
Еске салсақ, кеше сағат 17:10-да Алматы қаласы Алатау ауданының Ақкент ықшам ауданында тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 300 адам эвакуациялады, 70-ке жуық адам құтқарды. Алайда өрт кезінде бір әйел қайтыс болды. Ал 4 пациент балалар ауруханасының реанимациясына түскен. Бүгін қала әкімі қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар құрылыс компаниясы пәтерлерді жөндеп беретін болды.