Алматыдағы оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды

28 Қаңтар 2022, 21:05
1663
Бөлісу:
Алматыдағы оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері сотталды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Алматы қаласы білім басқармасының «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқталған.

Тергеу барысында бас бухгалтер 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен экс-Бас бухгалтер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.
 

Өзгелердің жаңалығы