Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

9 Маусым 2021, 17:12
2089
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Онкологиялық орталығының дәрігерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 12 маусым күні ашық есік күнін өткізеді.

Алматы тұрғындары 12 маусым күні сағат 9.00-ден 13.00 аралығында жетекші мамандардан тексеруден өтеді.

Қатерлі ісікпен күресу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан ашық есік күнін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды,-делінген хабарламада.

Тексерілуге ниет білдірушілер Алматы қаласы, Папанин к-сі, 220, А литері, 1-қабат мекенжайы бойынша «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК-ға келуі тиіс.

Қала тұрғындары онкомаммологтардан, онкогинекологтардан, онкоурологтар мен онкохирургтардан тегін кеңес алады.

Өзгелердің жаңалығы