Алматыдағы "Медеу" мұз айдынының реконструкциясы 2025 жылы басталады

29 Қаңтар 2025, 11:54
399
Бөлісу:
Алматыдағы "Медеу" мұз айдынының реконструкциясы 2025 жылы басталады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді.

Жұмыстар 2025-2027 жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Объектіні реконструкциялау аренаның техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Медеу халықаралық коньки тебу одағының талаптарына сай болады, сондықтан халықаралық коньки тебу және мәнерлеп сырғанау жарыстарын өткізуге мүмкіндік туады. Алматы әкімдігі реконструкция аясында мұз айдынының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, хоккеймен доп ойнау, мұздағы спидвей әлем чемпионаттарын, сондай-ақ түрлі мәдени-спорттық жаппай іс-шараларды, мұзды шоу мен көрсетілімдер өткізуге жағдай жасайды, – деп түсіндірді үкімет басшысы.

Бұған дейін қала басшысы 2023 жылы айдынның техникалық жағдайы үлкен жүктеме кезінде тексеріліп, оның қанағаттанарлық екендігін хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы