Алматыдағы машина құрастыру зауыты сатылмайтын болды

2 Наурыз 2024, 09:45
191
Бөлісу:
Алматыдағы машина құрастыру зауыты сатылмайтын болды
Фото: ke.kz

С.М. Киров атындағы «Машина құрастыру зауыты» АҚ акцияларын сату жөніндегі конкурс өткізілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады.

Осыған орай, ағымдағы жылғы 28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша сауда-саттық өткізілмейді. Конкурстың өткізілмеуі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысымен қабылданған зауыттың іске асырылуы бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты, - деп мәлімдеді министрлік.

Өзгелердің жаңалығы