Алматыдағы кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі беріледі

23 Мамыр 2021, 18:38
2716
Бөлісу:
Алматыдағы кинотеатрға Фархат Әбдірайымовтың есімі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kinopark - Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына танымал қазақстандық актердің атын беру туралы шешім қабылдады.


Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп жүретін және компанияның кез келген шараларын әрдайым қолдады. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтағымыз келеді. Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қандай баға жетпес үлес қосқанын еске сақтаса екен дейміз. Сондықтан Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді,  - деп атап өтті Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиісті қызметтер бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр және мүмкіндік болған кезде компания идеяны жүзеге асыруға кіріседі.


Өзгелердің жаңалығы