Алматыдағы Горельник шатқалында студент қыз қаза тапты

8 Мамыр 2025, 10:34
2171
Бөлісу:
Алматыдағы Горельник шатқалында студент қыз қаза тапты
Фото: BAQ.KZ архив

Алматыдағы Горельник шатқалында студент қыз қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, студент қыз тауда серуендеп жүрген кезде үстіне тас құлап, оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған. Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Құтқарушылар марқұмның денесін гидравликалық жабдықтың көмегімен шығарған.

Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) 18 құтқарушысы, 109-құтқару қызметінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар медицинасы орталығының медициналық тобы және кинологтар шұғыл түрде барды. Гидравликалық жабдықтың көмегімен марқұмның денесін шығарып, полицияға тапсырды, – деп хабарлады ТЖМ.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға болған аймақта бірнеше күн бұрын дауылды ескерту жарияланғанын еске салды.

Тауға шығатын туристер санының көбеюіне байланысты ТЖМ құтқарушылары дауылды ескертулерді елеп, жабайы табиғат жағдайында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, – деп атап өтті ведомство.

Өзгелердің жаңалығы