Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай қауырт күйде сақталып отыр. «Алматы «сары» аймақта тұр. Сондықтан, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында шектеу шараларын бақылауды күшейту қажет болып отыр. Қалада індеттің екінші толқыны қазан айында басталған. Үш айда КВИ жағдайларының тіркелуі 14 есе өсті (қыркүйекте – 165 жағдай, қазанда – 366 жағдай), яғни 1 айда 2,2 есе өскен. Қарашада – 1399 жағдай, желтоқсанда - 2256 жағдай тіркелді. Қаңтар айының 6 күнінде коронавирустың 600-ден астам фактісі тіркелді. Қаңтар айына арналған болжам онша жағымды болмай отыр. Осы айда 4500 жағдайға дейін тіркелуі мүмкін, - деді Бекшин.
Бекшин атап өткендей, соңғы 14 күнде 20-30 жас аралығындағы азаматтар арасындағы аурушаңдық 35 пайызды құрап отыр.
Бұл шектеу шараларының бұзылуы мен корпоративтік шараларының ұйымдастырылуы және сауда орталықтарына баруға байланысты болып отыр, - деді ол.