Алматыдағы эпидахуал қандай?

10 Қыркүйек 2021, 12:00
6472
Бөлісу:
Алматыдағы эпидахуал қандай?

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 9 қыркүйек күні 931 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Оның 894-де ауру белгісі бар болса, 37-і симптомсыз.

Өткен тәулікте қаланың ауруханаларынан 450 науқас ем деліп шыққан, ал келіп түскендер саны – 312.
Инфекциялық стационарларда 3 502 адам ем алып жатыр, оның 108-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 310 науқас бар. ӨЖЖ – 46, инвазивті емес ӨЖЖ – 122, High flow-да 126 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 312 адам бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 085, симптомсыз 226 науқас.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавируске қарсы вакцинаның 1-компонентін 3 790 адам, 2-компонетін 5 412 адам салдырған.

Өзгелердің жаңалығы