Алматыдағы дезинфекциялық жұмыстарға қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

7 Сәуір 2020, 16:38
1645
Бөлісу:
Алматыдағы дезинфекциялық жұмыстарға қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов брифинг барысында айтты. 

Оның айтуынша, көпқабатты үйдің бір кіреберісін залалсыздандыруға жұмсалатын ақша 600-9000 теңге аралығында шығады. 

Мәселен, 2 қабатты үйдің кіреберісіне 600 теңгенің ерітіндісі жұмсалады, ал 28 қабатты үйге 9 мың теңге жұмсалады, - деді ол. 
WhatsApp Image 2020-04-07 at 16.37.37.jpeg

Сонымен қатар, ол Алматыда карантин енгізілгелі бері дезинфекция жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Залалсыздандыру жұмыстары үш топ арқылы іске асырылуда екен. Біріншісі, әскери гарнизон, екіншісі "Алматы тазалық" және басқа да аудандық әкімдіктің мердігер ұйымдары, үшіншісі тұрғын үй саясатының мердігер ұйымдары. 

Әскери гарнизон тобы жалпыға қолданылуға берілген орындарды және күніне екі ауданға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, сенбі, жексенбі күндері инфекция ошағы шыққан жерге, аурухана, поликлиника, санаторий және сауда орындарында залалсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда шамамен 635 әскери гарнизон өкілі тартылған. 48 дәрі шашқыш және 14 техника тартылған. Карантин басталғалы әскери гарнизон 3 млн 128 мың литр ертініді қолданған, - деді басқарма басшысы. 

Ал "Алматы тәртіп" және өзге де мердігер ұйымдар көшедегі аялдамаларды, қоқыс, көшедегі демалу орындары, жер асты өткелдерін, азық дүкендері мен дәріханалардың кіреберісін залалсыздандырып жатыр екен. Олар 102 көше жуатын көлікті қолдануда, оның 43 дезинфекция жасауға бағытталған. Оған қоса 730 жол тазалайтын жұмысшы мен 156 дезинфекция жасаушы тартылған. Бұл топ 1 млн 700 мың литр ерітінді қолданған. 

Сонымен қатар, қаладағы қоқыс жәшіктерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар карантин басталғалы 71 мың литр ерітінді қолданған. Бір тәулікте шығарылатын қоқыстың орташа көлемі 1200-1500 тоннаны құрайды, - деді Сейтенов. 

Оның айтуынша, Тұрғын үй саясатының келісімен жұмыс істейтін мердігер ұйымдар көпқабатты үйлердің кіреберістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта күн сайын 525 адам заласыздандыру жұмыстарын атқаруда. Жалпы 70 бригада жұмылдырылған. Олар күн сайын 60 мыңдай дезинфекция ерітіндісін қолданады.

Өзгелердің жаңалығы