Алматыдағы "барахолкада" ірі өрт шықты

Өрттің жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метрді құраған.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 12 Наурыз 2026, 13:09
12 Наурыз 2026, 13:09
543
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласындағы "барахолка" аумағында орналасқан қоймада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Алатау ауданындағы Шапағат шағынауданында, Шоссейная көшесінде орналасқан қойма ғимаратында болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратта ашық жалын байқалған.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында кәсіпкерлердің мүлкінің едәуір бөлігі сақталып қалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар өртті шамамен жарты сағат ішінде толық сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метрді құраған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Наверх