Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккен қыздың анасы қызының ерні мен беті көгергенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Балабақшадағы бала кішкентай қызды ұрып, бетін жарақаттаған.
Дәрігерлер бас терісінің және ерін мен бет аймағындағы жұмсақ терінің көгергенін байқады. Бейнежазбаларда Т.-ның қызымды ұрып-соға бастағаны, қызымның жылай бастағаны, бірақ ешкімнің көмектесуге келмегені анық көрініп тұр,- деді қыздың анасы.
Алматы қалалық білім басқармасы "№47 бөбекжай" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметін мониторингтік топ тексеретінін хабарлады.
Оқиға кезінде мұғалім әдістемелік іс-шараларға құжаттарды дайындауға байланысты жатын бөлмесінде болмаған. Балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жоспардан тыс өндірістік кеңес өткізді. Тәрбиеші мен көмекшісіне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды", — деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.
Сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларын Алматы полиция департаменті тәркілеп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.