Алматыдағы автобус апаты. Жүргізуші әйел түрмеден босатылды

2 Шілде 2024, 12:50
3114
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты. Жүргізуші әйел түрмеден босатылды
Фото: скриншот

Алматыдағы автобус апатына айыпты болған Әнел Сартаева үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы адвокат Қанат Әлсейіт өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Айта кетейік, 26 маусымда Алматы қаласында болған апат кезінде 1 адам қаза тауып, 16 адам медициналық көмекке жүгінді.

Тергеу барысында ол екі айға қамауға алынды. Белгілі болғандай, оның емізулі баласы бар екен. Әнел Сартаеваның адвокаты жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды. Сартаева үйқамақта болып, баласына қамқорлық көрсететін болды.

Бұған дейінгі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Әнел үйқамақта болып, баласына қарайтын болады, - деді Қанат Әлсейітов.

Апат кезінде қайтыс болған жігіттің жақындары жеңіл жаза беруді сұраған.

Өзгелердің жаңалығы