Алматыдағы атыс. Дәрігерлер жарақат алған күзетшінің жағдайы туралы айтты

25 Сәуір 2021, 13:34
1027
Бөлісу:
Алматыдағы атыс. Дәрігерлер жарақат алған күзетшінің жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігер жарақат алған Алматыдағы ТК күзетшісінің денсаулық жағдайы туралы айтты.

Дәрігердің айтуынша, жарақат алған ер адамға барлық жедел іс-шаралар өткізілді.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті симптоматикалық терапияны алады, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетсек, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісін атып жарақаттаған. Кейін пәтеріне барып жасырынған. Полиция онымен алты сағат бойы келіссөз жүргізді, алайда қарулы адам 17 қабаттан өзі секіріп кетті. Алматыда атыс шығарған адам Ресей азаматы болып шыққаны туралы да жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы