Алматыда17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі

16 Қазан 2024, 16:55
317
Бөлісу:
Алматыда17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді. Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иесіне iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту келеді.

Ол үшін алматылықтар мен қала қонақтары құрылғысын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңармаса, оны «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп өзі жаңарту керек.

Мобильді құрылғы пайдаланушыларына «Ұлттық құлақтандыру» белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға «Президенттік құлақтандыру» белгісімен ескерту түседі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. 

Бұрын хабарланғандай, екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады

Өзгелердің жаңалығы