Былтыр жыл басынан бері заңнама мен құрылыс нормалары талабын бұзғаны үшін құрылыс салушыларға қатысты сотқа 230 талап арыз жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл ретте, 96 нысанды толық немесе жартылай бұзу көзделген.
Бұзылуға тиіс нысандардың ішінде тұрғын үй кешендері мен таунхаустар бар, міндетіне салғырт қараған құрылыс салушылар ондағы кейбір пәтерді сатып үлгерген.