Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

7 Сәуір 2025, 12:20
710
Бөлісу:
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Фото: Арман Мухатов - Архив

Алматыда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беруді кезең-кезеңімен өшіру 10 сәуірден басталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

 Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік +8⁰ және одан жоғары болғаны, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бес күн бойы тіркелгені негізінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер),- деді Алматы қаласының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы