Алматының Жетісу ауданында ҮАК бойымен өтетін жылу трассасындағы апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша штаттан тыс жағдай 2011 жылы дәнекерленген тораптағы ақаудан туындаған.
Диаметрі 1000 мм болатын жарылған құбырды «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық бригадасы шұғыл түрде ауыстырып жатыр.
Тұтынушыларға жылу және ыстық су төмендетілген параметрмен беріліп отыр. Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған кезде (су, бу, т.б. шығарындылар) өз бетінше әрекет жасамай, төменде көрсетілген нөмірге қоңырау шалу арқылы хабарлауға кеңес береміз:
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.