Мегаполисте жылыту маусымына дайындыққа 35 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізді, онда жылыту маусымының аяқталуы, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесі қаралды.
Алматы қаласында белгіленген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде тіркеген, сондықтан 2023-2024 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Жылуды өшіру 15 сәуірден басталады әрі келесі тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі, - дейді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.
Биыл 20 км жылу желілері қайта жаңартылады.
25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығынан 802,6 км немесе 57,9% құрайды. Биыл 20 км жылу желілері қайта жаңартылады, Бұл тозуды 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындыққа 35 млрд теңге бөлінді, 2025 жылы қосымша 32 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр, - дейді Талғат Малыбаев.
Еске салайық, Алматыда 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.