Алматыда жылдың соңына дейін 601 көше жарықтандырылады

17 Ақпан 2021, 12:53
2031
Бөлісу:
Алматыда жылдың соңына дейін 601 көше жарықтандырылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде  айтты. 

Тұрғындармен кездесу барысында Жетісу ауданындағы Кемел ықшамауданының тұрғыны жарықтандыру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмысты сұрады. 

Жарықтандыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бізде жарықтанбаған 600-дей көше қалды. Бірінші жарты жылдықтың соңына дейін бұл көшелерді жарықтандырамыз. Қаржы бөлінген, мердігерлер жұмысын атқаруда. Аудан әкімдері де қадағалап отыр, - деді Бақытжан Сағынтаев.  

2020 жылы қала шетіндегі 1 423 көше (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб) жарықтандырылды. Қалған 601 көшені 2021 жылдың соңына дейін жарықтандыру жоспарланған.

Сыртқы жарық желілерін модернизациялау қолданыстағы энергияны тұтынатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (натрий) шамдарын энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдармен ауыстыруды қамтиды, осының арқасында электр энергиясының 15%-ы үнемделетін болады. Электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз үшін жер асты кабельдері тартылады. СЖЖ–нің ескі бағаналары ауыстырылады.

2020 жылы тағы 7 көше жарықтандырылды: Достық даңғылы, Сайын, Момышұлы, Шаляпин, Жансүгіров, Солтүстік айналма жол, Гагарин көшелері.

Ауланы жарықтандыруға қатысты айтар болсақ, қазіргі кезде жауапты басқарма жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде, оның аясында жарықтандырылмаған аулалар есепке алынатын болады. Қазіргі кезде жоба сараптамадан өтуде.


Өзгелердің жаңалығы