Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жоба аясында биылдың соңына дейін мыңнан астам шам орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазірдің өзінде бірнеше маңызды нысанда жарықтандыру толық жаңартылды:
- Республика сарайы;
- Шухов және «Достық» скверлері;
- Төлебаев көшесіндегі аллея;
- Сейфуллин даңғылы;
- Шолохов және Саин көшелері.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі:
- Энергия үнемдейтін заманауи шамдар орнатылды;
- Ескі тіректер мен кабель желілері ауыстырылды;
- Жарықтың біркелкілігі мен жарықтығы артты;
- Көшелердің көрінісі мен қауіпсіздігі жақсарды.
Жобаны Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мен «Алматы Қала Жарығы» мекемесі жүзеге асыруда.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындардың жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.