Алматыда жыл басынан бері 17 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

7 Шілде 2022, 15:21
1341
Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 17 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын белсенді іске асырып жатыр. 

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрайды. Жыл басынан бері 17,1 мың жұмыс орны, оның ішінде 
7,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Еңбек ресурстарының барынша тартылуын қамтамасыз ету үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жөніндегі жүйелі шараларға көшу жүзеге асырылады. Қала экономикасының тұрақты өсуі қамтамасыз етілді. Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6%-ға дейін өсті. Жыл басынан бері 16,3 мың жұмыс орны құрылды. 3,3 мың орындық 54 балабақша ашылды, 45 км инженерлік желі салынды. Газбен жүретін 300 автобус сатып алынды,145 мың ағаш отырғызылды, - деп атап өтті мегаполис басшысы. 

Сонымен қатар ол жақын арада оңтүстік астанада қандай іс-шаралар жоспарланып отырғанына тоқталды. 

Қыркүйек айына дейін Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары әзірленеді. Бұл жоспарда мегаполис пен Алматы облысы синергиясының жобалары айқындалатын болады, - деді Ерболат Досаев. 

Өзгелердің жаңалығы