Алматыда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кеткен

Бөлісу:
Алматыда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кеткен
Фото: Polisia.kz

13 оқиғаның 7-уі өліммен аяқталған. Сондай-ақ суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде кәмелеттік жасқа толмаған үш жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ПД Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметінің басқармасы мәлімдеді.

Жыл басынан бері Алматыда осындай 13 оқиға тіркелді, өкінішке қарай, оның 7-уі өліммен аяқталды. Сонымен қатар жаз басталғаннан бері суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде кәмелеттік жасқа толмаған үш жасөспірім суға батып кеткен. Осыған байланысты, Алматы полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, көпқабатты үйлердің терезелеріне тосқауыл орнатуға, терезе маңына жиһаз бен тұрмыстық заттарды қоймауға шақырады. Заңда балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Өзгелердің жаңалығы