Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда жүргізуші көршісін әдейі көлікпен қақты

Нұрқанат Атажан
14 Қазан 2025, 12:56
1006
Бөлісу:
 архив/ Артём Чурсинов
VIDEO
Фото: архив/ Артём Чурсинов

Алматыда жүргізуші көршісін әдейі көлікпен қақты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Жетісу ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам көршісін көлігімен әдейі қаққан. Желіде тараған видеода әдейі соққы сәті анық көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кездейсоқ болмаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен адам – отбасындағы жалғыз асыраушы. Үйінде оны анасы мен әжесі күтіп отыр, екеуі де зейнеткер, – делінген видеода.

BAQ.KZ редакциясы полиция департаментіне оқиға жайлы түсініктеме алу үшін сауал жолдады.

Қақтығыстың себептері мен өзге де мән-жайлар әзірге анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы